Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Қалалық сот күдіктінің әйелі түсірген шағымды қарауды кейінге қалдырды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қалалық соты бес адамды атып өлтірді деп айыпталып жатқан күдіктінің әйелі түсірген шағымды қарауды кейінге қалдырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анаида Демирчян қалалық сотқа осыған дейін аудандық сот кейінге қалдырып келген отбасын үйден шығару туралы шешімге қатысты апелляциялық шағым түсірген.

Бірақ Алматы соты талапкердің болмауына байланысты отырысты кейінге қалдырып отыр. Себебі, үйдің жаңа иесі атыс кезінде қаза тапты.

Заңға сәйкес, оның қайтыс болғаны туралы куәлік қажет. Бұл құжат әлі дайын болмағандықтан, сот шағымды қарауды 5 қазанға қалдырған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Одан бөлек, күдіктінің әйелі мәлімдеме жасап, қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933403-almatydagy-atys-qalalyq-sot-kudiktinin-aieli-tusirgen-sagymdy-qaraudy-keiinge-qaldyrdy/

pixel