Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақтау қаласында коммуналды және көтерме базарларды салуды тапсырды

Опубликовано:

Базар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Оның барысында президент өңірдегі азық-түлік бағасы жайлы сөз қозғады деп хабарлайды Ақорда.

Президент өз сөзінде инфляция деңгейінің жоғары екенін және азық-түлік тауарларының бағасы тез қымбаттап жатқанын айта келе, аталған проблеманы шешу қажеттігін жеткізді.

"Азық-түліктің 80 пайызға жуығы импортталады. Осы ретте, 50 мың тонна көкөніс сыятын қоймалардың тапшылығы байқалады. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аталған мәселені маңыздылығына қарай шешу қажет. Ол үшін тиісті механизмдер бар.

Осыған қатысты үкімет көкөніс қоймаларының құрылысы жөніндегі жол картасын әзірледі. Азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне толық қолжетімді әрі ретке келтірілген сауда алаңдарын ашу керек. Әкімдікке Ақтау қаласында коммуналды және көтерме базарларды салуды тапсырамын", – дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, президент банкрот жағдайында тұрған Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта қалпына келтіру қажеттігін жеткізді.

Оның пікірінше, бұл өңірді ұнмен және жеммен толық қамтамасыз етіп, 200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы міндеттерді шешу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдігі мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға азық-түлік тауарларының бағасын төмендету, сауда инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдауды, өзге аймақтардың өндірушілерімен ұзақмерзімді шарттар жасауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933407-azyq-tuliktin-80-paiyzga-zuygy-importtalady-toqaev-aqtau-qalasynda-kommunaldy-zane-koterme-bazarlardy-saludy-tapsyrdy/

pixel