Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордадан жеке көлігімен Нұр-Сұлтанға қарай шыққан жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Самат Бегімбай
Самат Бегімбай. Фото: "Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры

Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға бағыт алған 25 жастағы жігіт іздестірілуде. Самат Бегімбайдан 10 күннен бері хабар жоқ деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қорының мәліметінше, Самат Бегімбай 12 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып, Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бет алған.

Содан бері ол байланысқа шықпаған.

Саматтың өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорттық киім киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін атап өтті.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз", - дейді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен Самат Бегімбайды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған 21 жастағы Сарыби Нұртасұлы іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Жігіттің белгілері: бойы – 175-180 см, көзі қоңыр, шашы қара, төменгі ернінің оң жағында тыртық бар, көзілдірік киген. Жоғалған күні үстінде ашық көк түсті футболка, қара түсті трико, аяғында кеды болған.

Өзімен бірге сөмкесі мен жеке куәлігін алып кеткен.

Одан бөлек, Ақмола облысында 15 жастағы Аягөз Сағындыққызы Қапезованың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933414-qyzylordadan-zeke-koligimen-nur-sultanga-qarai-syqqan-zigit-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel