Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақтауда 2500 адамға арналған спорт кешеніне барды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы "Халық Арена" спорт кешенін аралап көрді деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт кешеніндегі жаттығу залдары таныстырылды.

2500 адамға арналған спорт кешенінде баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, ауыр атлетика, суда жүзу, шағын футбол сияқты спорттың 19 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған.

Фото
Фото: Ақорда

Президент кешенде жаттығып жүрген спортшылармен әңгімелесу барысында спорт саласы, бұқаралық спорт түрлерінің дамуы мемлекеттің ерекше назарында болатынын, барлық өңірде заманауи спорт нысандарының салынып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы спортшылардан болашақта әлем және олимпиада чемпиондары шығатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға табыс тілеп, естелік суретке түсті.

Фото
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933421-toqaev-aqtauda-2500-adamga-arnalgan-sport-kesenine-bardy-foto/

pixel