RU

Ақмола облысында жоғалған 15 жастағы қыз табылды

Жасөспірім қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде өңірде жоғалған 15 жастағы қызды тапты. Бұл туралы құзырлы орган өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны 15 жастағы қызының үйінен кетіп қалғаны жайлы арыз түсірген еді.

Аталған факті бойынша дереу жедел-тергеу тобы құрылып, жоғалған қызды іздестіру үшін Бурабай АПБ жеке құрамы жұмылдырылған болатын.

Полиция қызметкерлері қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай массивтерін, өзендер мен су қоймаларының жағалау аймақтарын және басқа да орындарды тексереді.

Сонымен қатар, жасөспірім жайлы барлық куәгерлерден, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері, жеке тасымалдаумен айналысатын таксилер сұралған.

Нәтижесінде жасөспірім қыз 22 қыркүйек күні кешкі сағат 21:30 шамасында табылып отыр. Ол ата-анасына тапсырылды.

Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекет жасалғаны-жасалмағаны анықталып, тексеру жүргізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933481-aqmola-oblysynda-zogalgan-15-zastagy-qyz-tabyldy/