Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Lada көліктері енді Өзбекстанда құрастырылады

Опубликовано:

Зауыт
Фото: kolesa.kz

АВТОВАЗ Ресейден тыс тағы бір елде Lada көліктері құрастырылатынын ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды kolesa.kz.

Сайттың жазуынша, енді Өзбекстанның "Жизақ" еркін экономикалық аймағында орналасқан "Джизак-ADM" зауытында брендтің бірнеше моделі ірі торапты әдіспен шығарылады.

Кәсіпорын аталған елдің ішкі нарығы үшін жұмыс істеп, дилерлік орталықтарға Lada Vesta (SW және SW Cross), Largus және Largus Cross, XRAY Cross хетчбэгін жеткізбек.

Зауытқа иелік ететін Roodell компаниясы хабарлағандай, марканы мұнда құрастырудың мақсаты- тұтынушылар үшін көлік бағасын қолжетімді ету әрі Өзбекстанның мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысып, сатылым мөлшерін арттыруға мүмкіндік беру.

Өзбекстанда Lada-ның 18 дилерлік орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы елде марканың 5000 дана көлігі сатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933484-lada-endi-ozbekstanda-qurastyrylady/

pixel