Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: polisia.kz

Жамбыл облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан алты адам қайтыс болып, тағы екеуі аруханаға жеткізілді деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, оқыс оқиға 23 қыркүйек күні сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының территориясында болған.

"Алматы-Ташкент" тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан.

Салдарынан 6 адам оқиға орнында қайтыс болған.

Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін 16 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы тас жолда Lexus LX 470 көлігі аударылып қалғанын жазған едік.

Жол талғамайтын көлік Қарақиян ауданындағы тас жолда, Жетібай ауылына барар жолда аударылған. Рөлде 27 жастағы қыз отырған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Одан бөлек, жол апаты тағы төрт адамның өмірін жалмаған. Олар: 1966 жылы туған әйел, 31 жастағы жүкті әйел, 1964 және 1967 жылы туған ер адамдар.

Одан бөлек, тағы төрт бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 22 жастағы жолаушы қайтыс болған еді. Одан бөлек, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933495-zambyl-oblysynda-adam-sosyrlyq-zol-apatynan-6-adam-koz-zumdy-video/

pixel