Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/astana_sergek

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы полиция басқармасы ғимаратының терезесінде ер адамның салбырап тұрғаны бейнелеген видео тарады. Бұған қатысты елордалық полицейлер пікір білдірді.

Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланған. Онда ер адамның екінші қабаттың терезесінен салбырап тұрғаны анық көрінеді.

Видеода оның қолынан полиция қызметкері ұстап тұрғанын байқауға болады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті оқиғаның 22 қыркүйекте болғанын айтты. Белгілі болғандай бұзақылық фактісі бойынша 32 жастағы ер адам ұсталып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

Алайда ол полиция ғимаратының екінші қабатындағы терезе арқылы қашып кетпек болған. Дегенмен құйтырқы әрекет жүзеге аспаған.

Құзырлы орган қазіргі уақытта бұзақылық іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933515-nur-sultanda-policiya-gimaratynyn-terezesi-arqyly-qaspaq-bolgan-er-adam-ustaldy-video/

pixel