Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та жануарларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тың солтүстік-шығысында Жаңа Англиядағы Franklin Park пен Stone хайуанаттар бағында жануарларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, бұл аумақта бірде-бір жануар коронавирус жұқтырмаған, бірақ мекеме әкімшілігі аурудың алдын алуды жөн санап, жануарларға Zoetis компаниясының препаратын салдыруға шешім қабылдаған.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері вакцина салынған жануарларды жіті бақылауда ұстамақ.

"Вакцина салғаннан кейін қандай да бір реакция бола ма біз оны бақылайтын боламыз", – дейді Жаңа Англия хайуанаттар бағының жануарлар денсаулығын сақтау бөлімінің аға ветеринар дәрігері Крис Бонар.

Айта кетейік, хайуанаттар бағындағы жануарларға вакцина салуды елдің ауыл шаруашылығы министрлігі мақұлдаған. Министрлік әлсіз жануарлардың вирусқа қарсы төтеп бере алмайтынын ескеріп осындай шешім қабылдаған.

Хайуанаттар бағында маймылдар, мысықтектестер (арыстан, жолбарыс және қар барысы) мен сусарлар (күзендер мен Солтүстік Американың өзен суырлары) мекендейді. Ең алдымен, вакцинация осыларға жасалады.

Қатерлі топтағы жануарларды толық вакцинациялауға үш-төрт апта уақыт қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933536-aqs-ta-zanuarlardy-koronavirusqa-qarsy-vakcinaciyalau-bastaldy/

pixel