Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 5 жасар баладан коронавирустың жаңа Eta штамы анықталды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында "нигериялық" штамның таралған-таралмағанын тексеру үшін сынамаларға арнайы талдаулар жүргізілді. Материалдар Алматыдағы зертханаға жіберіліп, тексеріс барысында 5 жасар баланың Eta штамын жұқтырғаны белгілі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің айтуынша, Павлодардағы отбасы тамызда коронавируспен ауырған.

Отбасының кішкентай мүшесі 5 жасар баланың биоматериалы Алматыға жіберілген. Нәтижесінде одан жаңа штамм анықталып отыр.

"Нигериялық" штамның балақайдың жақындарына жұққан-жұқпағаны әзірге белгісіз.

Абырой болғанда, дертті балақай жеңіл еңсерген. Қазіргі уақытта барлық отбасы мүшелерінің денсаулығы қанағаттанарлық. Санитарлық дәрігерлер эпидемиологиялық тексерулер жүргізуде.

Балақайдың Eta-штамын нақты қай жерде жұқтыруы мүмкін екені де әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың "нигериялық" штамын жұқтырудың 5 жағдайы анықталғанын айтқан болатын. Соның бірі Павлодар облысында тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933548-pavlodar-oblysynda-5-zasar-baladan-koronavirustyn-zana-eta-stamy-anyqtaldy/

pixel