Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі "Қиял әлемі" саябағында қайғылы жағдай болды

Опубликовано:

әткенше11к
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 22 қыркүйекте кешкі сағат тоғыз шамасында "Қиял әлемі" техносаябағында қайғылы жағдай болды. "Балға" аттракционына мінген соң ер адамның жағдайы нашарлап, ол көз жұмған деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиға орнына жедел жәрдем келген, алайда дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмаған.

Алдын ала болжам бойынша ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Қазір саябақ жабық тұр.

Шымкент қаласы полиция департаментінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қазір әл-Фараби ауданының полиция басқармасы 55 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Алғашқы медициналық анықтамаға сәйкес, ол "Қиял әлемі" саябағында жүрегі тоқтап қайтыс болған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аттракцион
Фото: Отырар телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы саябақтағы аттаркционнан 17 жастағы жасөспірімнің құлап, көз жұмғаны хабарланған еді.

Ол оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.

Отырар арнасының инсайдерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, жеткіншек мектепті бітірген және аталмыш аттракционда жұмыс істеп жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933553-symkenttegi-qiyal-alemi-sayabagynda-qaigyly-zagdai-boldy/

pixel