Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бассейннен шыққан 11 бала ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Бассейнде жүзіп жүрген бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде оңтүстік астанадағы бассейндердің бірінде 11 бала уланды деген ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Aquastars желісінің бассейндерінің бірінде сабақ кезінде 11 бала хлор буынан уланған. Бұл жағдайға қатысты бассейн әкімшілігі түсініктеме берді.

Мекеме хабарлағандай, 17 бала бассейнде шомылып жүргенде, мөлшерлеу-дезинфекциялау бекетіндегі ақаудың салдарынан құрамында хлор бар дезинфекциялаушы зат бөлінген. Бассейн қызметкерлері мұны бірден байқап, балалардың судан шығуына көмектесті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Әкімшіліктің дерегіне сүйенсек, мекемедегілер қазір зардап шеккен балалардың ата-аналарымен байланыс үзбей отыр.

Сонымен қатар, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 11 балаға медициналық көмек қажет екенін хабарлады.

"Жедел жәрдем бригадасы тамақ қышу, түшкіру диагнозымен 11 баланы балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізді. Олар бассейнде өтіп жатқан сабақ кезінде хлор буынан уланды. Балалардың жасы 12-14 жас аралығында.

Барлығының жағдайы тұрақты, ауруханадағы бейінді бөлімге жатқызылды. Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері бұл факті бойынша тергеу жүргізуде", – делінген ведомствоның түсініктемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933566-almatyda-basseinde-11-bala-xlor-buynan-ulanyp-qaldy/

pixel