Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда жүзден астам адам екі алаяқ әйелдің құрбаны болды

Опубликовано:

Бизнес ханымы
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында әйел адам екінші деңгейлі банктерде онлайн несие рәсімдеген. Салдарынан 70 адам зардап шеккен. Келтірілген шығын 21 млн теңге. Бұл туралы өңірдегі прокуратура хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анықталғандай, келіншек несиені өзгенің мүлкін кепілге қойып алған.

"Прокуратураның нұсқауы бойынша күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Іс аяқталуға жақын", - деді БҚО прокуроры Жандос Өміралиев.

Қадағалау органының басшысы аймақта алаяқтық жиі жасалатын қылмыс түрі екенін хабарлады. Соңғы бір жылда қылмыстың мұндай түрі 88 пайызға өскен (592 -ден 863 -ке дейін). Киберқылмыскерлер алдаудың жаңа схемасын ойлап табуда.

"Адамдар жылжымайтын мүлікті төмен бағамен алуға көндірген алаяқтардың құрбаны болады.

Тағы бір күдікті Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тұрғындарының сеніміне кірген. Әйел оларға Орал, Ақтау және Ақтөбе қалаларында пәтерлер мен жер телімдерін алуға көмек көрсетуге уәде берді.

Өз әрекетінің заңдылығын көрсету үшін қаскөй адамдарға жалған кілттер беріп, оларды тез арада пәтер алуға көндірді. Ақшаны алғаннан кейін әйел телефондарын сөндіріп, жасырынған.

Тергеу барысында 32 адам жәбірленуші деп танылып, келтірілген шығын 25 млн теңге екені белгілі болды", - деді Жандос Өміралиев.

Прокуратура өкілдері азаматтарды мұқият болуға және алаяқтарға алданбауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933567-batys-qazaqstanda-zuzden-astam-adam-eki-alayaq-aieldin-qurbany-boldy/

pixel