Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

British Airways ұшағы жолаушы қазасына байланысты Ташкентке қонуға мәжбүр болды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

British airways әуе компаниясының Исламабад - Лондон рейсін орындаған ұшағы бір жолаушының қазасына байланысты Ташкент әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Жолаушылар әуежай терминалдарының біріне орналасқан. Олар ұшу уақытын күтіп отыр.

"British airways әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы бір жолаушының қазасына байланысты Ташкентке қонуға мәжбүр болды", - деді әуежай қызметкері. Ол өзбек астанасының қай әуежайы екенін айтпаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушының жүрегі тоқтап қалған. Қайтыс болған әйел қай елдің азаматы екені хабарланбады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933603-british-airways-usagy-zolausy-qazasyna-bailanysty-taskentke-qonuga-mazbur-boldy/

pixel