Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыдағы бассейндердің бірінде уланып қалған балаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады полициядан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде оңтүстік астанадағы бассейндердің бірінде 11 бала уланды деген ақпарат пайда болған еді. Бұл ақпаратты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Aquastars желісінің бассейндерінің бірінде сабақ кезінде 11 бала хлор буынан уланған. Бұл жағдайға қатысты бассейн әкімшілігі түсініктеме берді.

Мекеме хабарлағандай, 17 бала бассейнде шомылып жүргенде, мөлшерлеу-дезинфекциялау бекетіндегі ақаудың салдарынан құрамында хлор бар дезинфекциялаушы зат бөлінген. Бассейн қызметкерлері мұны бірден байқап, балалардың судан шығуына көмектесті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Әкімшіліктің дерегіне сүйенсек, мекемедегілер қазір зардап шеккен балалардың ата-аналарымен байланыс үзбей отыр.

Сонымен қатар, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 11 балаға медициналық көмек қажет екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933613-almatydagy-basseinde-balalar-ulanyp-qaldy-policiya-qylmystyq-is-qozgady/

pixel