Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танысының атынан 1 миллион теңге несие алған семейлік ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде танысының атына 1 миллион теңге несие алған ер адам ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат өз атына танысының несие рәсімдегенін айтып шағымданған.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің жеке құжаттарын қолданған 24 жастағы ер адам банктердің бірінен 1 миллион теңге мөлшерінде несие алған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген құқық қорғау саласының қызметкерлері бұрын сотталмаған, жұмыссыз жергілікті тұрғынды қолға түсірген.

Аталған факті бойынша оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ведомство өкілдерінің ақпаратынша, тәртіп сақшыларымен жүргізіліп жатқан алаяқтық фактілерінің алдын алу шараларына қарамастан, жұрт арасында әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытып жатқандар аз емес.

Сол себепті әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ешкімге жібермеу қажет, деп ескертті полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933655-tanysynyn-atynan-1-million-tenge-nesie-algan-semeilik-ustaldy/

pixel