Нұр-Сұлтаннан Стамбулға бағыт алған жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды
Опубликовано:

Нұр-Сұлтаннан Түркияның Стамбул қаласына ұшып шыққан Boeing 767 әуе кемесі Атырау әуежайына шұғыл қонды деп хабарлайды Қазақпарат.
Ақпаратты Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.
Ведомство мәліметінше, 23 қыркүйекте Түркияның Стамбул қаласына ұшып шыққан Boeing 767 жолаушылар ұшағы Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонды.
Әуе кемесінің апатты жағдайда қонуына отын жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.
Жолаушылар ұшағының бортында 205 адам отырған, оның ішінде бесеуі бала.
Ведомство ұшу кезінде ешкімнің зардап шекпегенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933659-nur-sultannan-stambulga-bagyt-algan-zolausylar-usagy-sugyl-turde-atyrauga-qondy/