Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Қауіпті індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2537 адам тіркелген.Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 181

Алматы қаласы - 547

Шымкент қаласы - 122

Ақмола облысы - 128

Ақтөбе облысы - 137

Алматы облысы - 270

Атырау облысы - 68

Шығыс Қазақстан облысы - 118

Жамбыл облысы - 58

Батыс Қазақстан облысы - 84

Қарағанды облысы - 340

Қостанай облысы - 104

Қызылорда облысы - 62

Маңғыстау облысы - 23

Павлодар облысы - 190

Солтүстік Қазақстан облысы - 71

Түркістан облысы - 34

Жалпы Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 872 596-ға жетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933662-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/