Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы емханада жалған вакцинация паспорты 15 мың теңгеден сатылған

Опубликовано:

Паспорт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Қаржылық мониторинг агенттігі вакцинация паспорттарын қолдан жалған жасаудың 30 дерегінің жолын кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түскен.

Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

"Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз" деді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933706-zambyl-oblysyndagy-emxanada-zalgan-vakcinaciya-pasporty-15-myn-tengeden-satylgan/

pixel