RU

Ақсудағы қарттар үйінде төсекте жатып темекі тартқан қария өртеніп кете жаздады

қарт кісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақсу қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлмелерінің бірінде матрас өртенді. Өрттің шығуына орталық тұратынының бірінің төсекте жатып темекі шегуі себеп болған. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ғимараттан 60 адам эвакцацияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлолар облысы ТЖД сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің ақпаратынша, өрт туралы ақпарат 23 қыркүйекте сағат 19.00 шамасында түскен. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде темекі шегу салдарынан тұтанған матрастың жанып жатқанын білген.

"Бесінші қабаттағы екінші корпуста №14 палатада 2 шаршы метр аумақта матрас жанған. Салдарынан қатты түтін болып, өрт сөндірушелер баспалдақ арқылы 60 адамды 4-5 қабаттан эвакцациялады", - деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Матрасты сөндіру үшін автобаспалдақты пайдалануға тура келген.

Салдарынан төсекте жатқан 84 жастағы ер адам зардап шекті. Орталық қызметкерлері оны көшеге шығарып, медицина қызметкерлеріне берген.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, айтарлықтай шығын келтірілмеген.

Матрас
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933709-aqsudagy-qarttar-uiinde-tosekte-zatyp-temeki-sekken-er-adam-zardap-sekti/