Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында клиентінің көлігін айдап кеткен ер адам жол апатына түсті

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысы Кентау қаласында көлік жуу орталығының жұмысшысы клиенттің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адам өз арызында белгісіз азамат көлік жуу бекетінен Toyota маркалы автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданған.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кіріскен.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастаған. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылған.

Соның нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің көлігін заңсыз иемденіп кеткен ер адамды жол-көлік оқиғасына түскен жерінен анықтап, күдікті құрықталған.

Күдікті жігіттің көлік жуу орталығында жұмыс жасайтыны анықталды.

Ол көлік жууға келген адамның көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933717-turkistan-oblysynda-klientinin-koligin-aidap-ketken-er-adam-zol-apatyna-tusti/

pixel