Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК мамандары 25-27 қыркүйек күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді.

Солтүстік аумақта және шығысында жаңбырдың арты қарға ұласады. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

  • Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 градус, күндіз 15-25 градустан 10-20 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5 градусқа дейін, 3-11 градус жылыға дейін, күндіз 13-23 градустан 3-13 градусға дейін төмендейді.
  • Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 градусқа төмендейді.
  • Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады.
  • Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 гдарусқа дейін жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933723-zanbyrdyn-arty-qarga-ulasady-sinoptikter-demalys-kunderi-aua-raiy-qalai-bolatynyn-aitty/