Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 11 мемлекетке ПТР тест тапсырмай-ақ сапарлай алады

Опубликовано:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

"Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.

Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдердге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті", - деп хабарлады ведомство.

Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Тиісті жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда, осы мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933762-qazaqstandyqtar-11-memleketke-ptr-test-tapsyrmai-aq-saparlai-alady/

pixel