Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ болған мұғалім опық жеді

Опубликовано:

Қорап ұстаған әйел
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ болған мектеп мұғалімі айыппұл арқалады деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны ​Атырау облыстық еңбек инспекциясы мен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына арызданып, бұрынғы басшысы істі болған азаматты жұмысқа қабылдағанын айтқан.

Осылайша, ол азаматтың ​абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

Аудандық полиция қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады. Кейін ​әйелдің​ жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алуға тырысқаны белгілі болды.

"Қазір аталған азаматшаға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды", – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске салайық, осыған дейін Павлодарда №22 мектеп директоры 6-сынып оқушысына қатысты әрекетіне байланысты жазаланғанын хабарлаған едік. Директор оқушының оқу орнына қалай киініп келгенін ұнатпаған, сол себепті оқушыны жетектеп басқа сыныптарға кірген. Директордың бұл әрекетінен кейін қыз жылап қалған.

Бұл жайтқа қатысты мектеп директоры мен өңірлік білім беру басқармасы жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933784-atyrauda-zumystan-bosatqan-bassysynan-kek-almaq-bolgan-mugalim-opyq-zedi/

pixel