Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді: Әкімдік балаларды үйден шығармауды сұрауда

Опубликовано:

Шаңды дауыл
Фото: Instagram / beineu_akimdigi

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында шаңды дауыл көтерілді. Осыған байланысты әкімдік ресми Instagram парақшасында тұрғындарға хабарландыру жасады.

Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сенсек, өңірде шаңды дауыл көтерілген.

"Бейнеу ауданы бойынша ауа райы күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматына ауысты", - делінген хабарламада.

Әкімдік ата-аналардан дауыл кезінде мектеп оқушыларының үйден шықпауын қадағалауды сұрады.

"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда аудандық полиция бөлімінің экипаждары күшейтілген жұмыс режиміне кірісті", - деп хабарландыруын аяқтады әкімдікте.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланған еді. "Қазгидромет" РМК мамандары 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынып, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл көтерілетінін ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933816-mangystauda-sandy-dauyl-koterildi-akimdik-balalardy-uiden-sygarmaudy-surauda/

pixel