Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жексенбі күні бірнеше көше жабылып, кей автобустардың қозғалыс бағыты өзгереді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында 26 қыркүйек күні "Astana Marathon-2021" іс-шарасы өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Astana Marathon-2021" марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 шақырым және 42,2 шақырым", - делінген ресми хабарламада.

10 шақырым қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

42.2 шақырым қашықтыққа жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сонымен қатар, марафонды өткізу аясында сағат таңғы жетіден түскі екіге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Олар: № 2, 3, 4, 4А, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.

Сондай-ақ, 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323.

"Аталмыш бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі. Маршруттардың қозғалыс схемасын City Transportation Systems компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан табуға болады: @cts_kz. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - деп ескертті қала әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933835-elordada-zeksenbi-kuni-birnese-kose-zabylyp-kei-avtobustardyn-qozgalys-bagyty-ozgeredi/

pixel