БҚО-да тұрғын мас күйінде "полицей көлігін" ұрлап кеткен
Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында тұрғын мас күйінде "полицей көлігін" ұрлап кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қыркүйек күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолы бойында болды.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында орнатылған патрульдік автокөлік макеті бір түнде жоқ болып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 1981 жылғы ұры анықталып, ұсталды.
Ұрының макетті мас күйінде жымқырғаны белгілі болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ осындай әрекетке мас күйінде барғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес хаттама толтырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933855-bqo-da-turgyn-mas-kuiinde-policei-koligin-urlap-ketken/