Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID таралуы: Еліміздің екі өңірі «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты 2021 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соңғы мәліметтер бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2324 адам тіркелгені жөнінде хабарлаған едік. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды және Алматы облыстарынан.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 185,

Алматы қаласында - 510,

Шымкент қаласында - 73,

Ақмола облысында - 115,

Ақтөбе облысында - 129,

Алматы облысында - 262,

Атырау облысында - 67,

Шығыс Қазақстан облысында - 115,

Жамбыл облысында - 56,

Батыс Қазақстан облысында - 87,

Қарағанды облысында - 261,

Қостанай облысында - 103,

Қызылорда облысында - 49,

Маңғыстау облысында - 13,

Павлодар облысында - 183,

Солтүстік Қазақстан облысында - 67,

Түркістан облысында - 49 адам қауіпті індеттің құрығына іліккен.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 874 920-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933877-koronavirustyn-taraluy-eki-onir-qyzyldan-sary-aimaqqa-otti/

pixel