Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал тұрғыны арзан көлік сатып аламын деп 400 мың теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Автокөлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласының тұрғыны автокөлік аламын деп 418 мың теңгесінен айырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, облыс аумағында интернет алаяқтық деректері көбейіп кетті.

Әсіресе, Ресейдегі алаяқтар kolesa.kz сайтында автокөліктерді нарықтағыдан төмен бағамен сату туралы хабарландыру таратуда.

23 қыркүйек күні белгісіз адам аталған сайт арқылы «Тойота Камри 40» автокөлігін 418 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырған. Бұған сенген оралдық тұрғын алаяқпен WhatsApp арқылы байланысқа шыққан.

Алаяқ ҚР аумағында тіркелмеген абоненттік нөмірді пайдаланған. Содан кейін ұзақ әңгімелесу арқылы автокөлікті Ресейден алып келемін деген желеумен оралдық тұрғынның сеніміне кірген белгісіз адам оның 418 мың теңгесін иемденіп кеткен.

Осыған орай БҚО полиция департаменті алаяқтардың сөзіне сеніп, алданып қалмау, сақ болу керектігін тұрғындар есіне салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933914-oral-turgyny-arzan-kolik-satyp-alamyn-dep-400-myn-tengesinen-aiyryldy/

pixel