Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оралда 9 жасар бала балалар алаңында тренажер сымына оралып қалып, тұншыққан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 қыркүйек күні У.Громова көшесі бойындағы аулалардың бірінде болған.

2012 жылы туған бала абайсызда құлап кетіп, темір тренажердің бірінің сымына оралып қалады. Ол тұншығу диагнозымен қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жансақтау бөлімінде жатқан бала – ес-түссіз күйде. Жағдайы өте ауыр.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Орал қаласының тұрғыны автокөлік аламын деп 418 мың теңгесінен айырылғаны туралы хабарлаған едік.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, облыс аумағында интернет алаяқтық деректері көбейіп кетті.

Әсіресе, Ресейдегі алаяқтар kolesa.kz сайтында автокөліктерді нарықтағыдан төмен бағамен сату туралы хабарландыру таратуда.

23 қыркүйек күні белгісіз адам аталған сайт арқылы «Тойота Камри 40» автокөлігін 418 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырған. Бұған сенген оралдық тұрғын алаяқпен WhatsApp арқылы байланысқа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933916-oralda-trenazer-symyna-oralyp-qalgan-bala-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel