Коронавирус жұқтырған 226 науқастың жағдайы өте ауыр
Опубликовано:

26 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 283 адам коронавирус инфекциясынан (–55 396 + және 8 887 КВИ-) емделуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 11 261 пациент стационарда, 53 022 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 900 адамның жағдайы ауыр,
- 226 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда бір тәулікте анықталған COVID-19 деректері айтарлықтай азая түсті. Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 2192 адамнан анықталды.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуал бойынша Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933936-koronavirus-zuqtyrgan-226-pacienttin-zagdaiy-ote-auyr/