Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық әке осылай істейді деп ойладым": Қостанайда әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысында ер адам туған қызын бірнеше жыл бойы азғырып, содан кейін зорлаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тоболинфо" басылымының мәліметінше, ер адам арам ниетін қызы сегіз жаста болғанда бастаған.

"Ер адам қызын 12 жасқа дейін азғырған, содан кейін оны алғаш рет зорлаған. Мұның бәрі күн сайын соңғы уақытқа дейін жалғасқан, – деп түсіндірді жәбірленушінің адвокаты. – Бұл жағдай ешқандай есепте тұрмайтын қарапайым отбасыда болды".

Адвокат зорлық көрген жәбірленушінің нақты жасын және отбасы тұратын елді мекенді атамады.  

Оның айтуынша, қыз не болып жатқанын түсінбеген, өйткені ол барлық әке қыздарына осылай істейді деп ойлаған.

"Анасы мұның бәрін алдыңгүні ғана білді. Қыз жабырқап отыр" - деп түйіндеді жәбірленушінің қорғаушысы.

Полиция Қазақстан қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етілмейді. Қазір зардап шегушімен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933938-barlyq-ake-osylai-isteidi-dep-oiladym-qostanai-oblysynyn-turgyny-tugan-qyzyn-zorlagan/

pixel