Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 47 адам көз жұмды
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 47 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
24-қыркүйектегі жағдайға байланысты коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 187 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 143 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13-наурызынан барлығы: ауырғандар - 75273,. Өлім жағайы - 4795, жазылып шыққандар - 61591 адам.
Қазақстанда бір тәулікте анықталған COVID-19 деректері айтарлықтай азая түсті. Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 2192 адамнан анықталды.
Министрліктің хабарлауынша, бүгінде 64 283 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 11 261 пациент стационарда, 53 022 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуал бойынша Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933946-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-taulikte-47-adam-koz-zumdy/