Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Pfizer бас директоры әлем қашан қалыпты өмірге оралатынын айтты

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Emanuele Perrone/Getty Images

Pfizer бас директоры Альберт Бурла пандемиядан кейін әлем жұртшылығы қашан қалыпты өмірге орала алатынын болжады деп хабарлайды The Hill.

Оның пікірінше, жағдай бір жыл ішінде тұрақталмақ.

"Мен бір жыл ішінде бәріміз қалыпты өмірге ораламыз деп ойлаймын", - дейді Бурла ABC телеарнасына берген сұқбатында.

Бурланың пікірінше, алдағы жылдарда болатын "ең ықтимал сценарий" - әлемде коронавирустың жаңа штамдары пайда болуын жалғастыра береді және вакцина салу да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, бұған дейін Moderna-ның бас директоры Стефан Бансель өткен аптада швейцариялық Neue Zuercher Zeitung газетіне берген сұқбатында дәл осындай пікір білдірген еді.

Оның айтуынша, келесі жылдың ортасына дейін жер шарындағы барлық адамдарға вакцина егуге жеткілікті болатындай мөлшерде екпе әзірленуі керек.

Фармацевтикалық компаниялар басшысының мұндай пікір білдіруіне АҚШ дәрі-дәрмектер мен азық-түліктердің сапасын санитариялық бақылау басқармасының соңғы ұсынысы себеп болған.

Нақтырақ айтсақ, мекеме 65 жастан асқан адамдарға және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынған болатын.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының директоры Рошель Валенски өткен аптада қосымша доза жоғары қауіпті ортада жұмыс істейтін адамдар үшін де қолжетімді болатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934018-pfizer-bas-direktory-alem-qasan-qalypty-omirge-oralatynyn-aitty/

pixel