Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жолдың ортасында отырған ақ киімді қыз тұрғындарды шошытты

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/podslushano_aktau

Ақтау қаласында жолдың дәл ортасында отырған ақ киімді қызды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Видео Instagram-дағы podslushano_aktau парақшасында жарияланды.

Кадрлардан жас қыздың жолдың қақ ортасында тапжылмай отырғанын көруге болады. Жүргізушілер оны мұқият айналып өтіп жатыр.

Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, жүргізушілер қызды видеоға түсіргеннің орнына мұндай әрекеттің себебі неде екенін білуі керек еді, бәлкім, қыздың денсаулығы нашарлаған болар.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте болған.

"Жолда отырған қыз патрульдік экипаждың назарына ілікті. Ол жол ортасында отырғанын өзін нашар сезінумен байланыстырды. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді", – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі inAktau жергілікті басылымына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934024-aqtauda-zoldyn-ortasynda-otyrgan-aq-kiimdi-qyz-turgyndardy-sosytty-video/

pixel