RU

Ресейде рөлге мас күйінде отырған ер адам бес оқушыны қағып кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Иркутск облысында алкогольдік сусын ішкен ер адам көлігімен бес оқушыны қағып кетті деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті құзырлы органның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 қыркүйекте Усть-Кут қаласында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Succeed жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан балаларды қаққан.

Салдарынан 12 мен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары әртүрлі дене жарақтымен ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта бір оқушы ауруханада, қалғандары амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік жүргізушісі мас күйде болған", - дейді Ресей ішкі істер министрлігінің өңірлік басқармасы.

Еске сала кетейік, 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында 54 жастағы жүргізуші 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын.

Жол апатының салдарынан 3 қыз бала зардап шегіп, кейін олардың екеуі көз жұмды.

Ал, жүргізушінің сол кезде көлікке мас күйінде (орташа дәрежеде) отырғаны анықталды.

Кейін ер адамның кінәсі дәлелденіп, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934042-reseide-rolge-mas-kuiinde-otyrgan-er-adam-bes-oqusyny-qagyp-ketti/