Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Құлаған лифт
Кадр: Lada.kz

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде адам толы лифт шахтаға құлады. Оқыс жағдай 17 ықшамаудандағы тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды Lada.kz.

Тұрғындардың айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30 шамасында шахтаға бірінші қабаттан ішінде адамдар бар лифт құлаған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Адамдар кабинадан бір-біріне көмектесіп шыққан.

"Қолында нәрестесі бар жас аналар болды, олар төтенше жағдайдан қатты шошып қалды. Бұл не деген сұмдық? Мұндай жағдай біздің үйде бірінші рет болып отырған жоқ", - дейді тұрғындар.

Олардың сөзінше, тұрғын үйді салушы жағдайдан хабардар. Алайда ештеңе жасамаған.

Сонымен қатар, тұрғындар үйдің жартысынан көбіне шамамен бір жыл бұрын тұрғындар қоныстанғанын, бірақ әлі күнге дейін пәтерінің құжаттарын ала алмай отырғанын атап өтті.

Оның үстіне үйге газ қосылмаған дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934043-aqtauda-adam-toly-lift-saxtaga-qulap-ketti-video/

pixel