Алматыдағы ауруханада мас күйдегі ер адам жанжал шығарды
Опубликовано:

Алматыда мас күйдегі ер адам ауруханада жанжал шығарды. Өзін "ҰҚК лейтенанты" деп таныстырып, "Алмалы ауданындағы полиция бөлімінде бастық" болып жұмыс істейтінін айтқан ер адамның ерсі әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бейнежазбадан ер адамның бейәдеп сөздер айтып, аурухананың есігін сындырғанын, содан кейін көшеге шығып, күзетшімен жанжалдасқанын көруге болады.
Видеоға байланысты пікір білдірген Алматы қаласы полиция департаменті басшысының тергеу ісі бойынша орынбасары Рүстем Әбдірахманов оқиғаның 27 қыркүйек күні сағат 00:30-да болғанын хабарлады.
"1997 жылы туған азамат мас күйде қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының аумағында қоғамдық тәртіпті бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтірген. Аталған факті Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді", - дейді Әбдірахманов.
Сонымен бірге, ол азаматтың "ұсақ бұзақылық жасағаны үшін" жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934046-almatydagy-auruxanada-mas-er-adam-zanzal-sygardy-video/