Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: Вакцинациядан кейін Ashyq-тағы "жасыл" мәртебе қанша уақыт бойы сақталады

Опубликовано:

Ашық жүйесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтардың Ashyq-тағы "жасыл" мәртебесі қанша уақыт сақталатыны нақтыланды.

25 қыркүйекте жарияланған жаңа қаулыға сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинаны толық алмаған адамдар үшін Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады.

21 күн өткеннен кейін вакцинаның екінші компонентін алмаған жағдайда тұрғынның "жасыл" мәртебесі "көкке" ауыстырылады.

Ал COVID-19-ға қарсы вакцина курсынан толықтай өткен адамдар үшін Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебесі 1 жыл бойы сақталады.

Сондай-ақ, COVID-19-бен ауырған адамдарда Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебесі жазылғаннан кейін соңғы үш ай бойы сақталады.

"Сары" мәртебесі барлар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң Ashyq-тағы мәртебесі "көкке" ауыстырылады.

Қаулының толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігерін 35 адам сотқа бергені туралы жазған едік.

Сот материалдарына сәйкес, арызданушылар вакцина алмаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тест енгізу, профилактикалық екпе жасау, сондай-ақ вакцина салдырмағандарды жұмысқа кіргізбеу сияқты тармақтарды заңсыз деп санайды.

Алайда әкімшілік сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934063-zana-qauly-vakcinaciyadan-keiin-ashyq-tagy-zasyl-martebe-qansa-uaqyt-boiy-saqtalady/

pixel