RU

Алматы тауларында бір қыз адасып кетті

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік астана тауларында бір қыз адасып кетті. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған аруға көмектест ідеп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қыркүйекте республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, тауда адасқан қыз туралы ақпарат келіп түсті.

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің айтуынша, бойжеткен Құмбелсу шатқалына дейін жалғыз өзі бағыт алған, алайда соқпақтан адасып кеткен. Абырой болғанда турист геолокациялық мәліметті жіберген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы шақырылды. Топ жетекшісі Құмбелсу шатқалынан туристке қарай түсуге шешім қабылдады.

Күннің батып кетуі жолдан адасып кеткен туристі іздеуге қиындық туғызды

Соған қарамастан, қыз тез табылды, ол жолдан 200 метр қашықтықта болды.

Жедел топ жоғалған туристті 27 қыркүйек күні таңертең Медеуге дейін түсіріп, туыстарына аман-есен тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934113-almaty-taularynda-bir-qyz-adasyp-ketti/