Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап еткен. Бұл туралы сотталушылардың бірінің қорғаушысы Жазира Жаншуақова айтты деп хабралайды Sputnik Қазақстан.

Жаншуақованың қорғалушысы Ұлықбек Ачилов жексенбі күні аштық жариялаған. Қазір ол елордадағы ЕЦ 166/1 мекемесінде отыр.

Оның аштық жариялағаны туралы мәлімет колония басшысы мен Бас прокуратураға және аппеляциялық саты сотына жолданған.

Хабарламада Ачилов өзін аппеляциялық саты сотының онлайн-трансляциясына қосуды талап еткенін көрсеткен. Одан бөлек, сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұраған.

Ачилов бір кездері Astana LRT қосалқы мердігері "НурТрейд" ЖШС директоры болған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ачиловтан бөлек, 8 жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, 7 жылға түрмеге тоғытылған Astana Innovations бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім аштық жариялаған.

Адвокаттың клиентінің сөзіне сүйеніп хабарлауынша, экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісовтен (8 жылға сотталған) басқаның бәрі аштық жариялаған.

Нұрпейісов денсаулығына байланысты аштық жариялағандар қатарына қосылмаған көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін аппеляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934138-astana-lrt-isi-boiynsa-sottalgandar-astyq-zariyalady/

pixel