Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар карантин талабын сақтамағаны үшін 2 млрд теңге айыппұл төлеген

Опубликовано:

айыппұл11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда карантин шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік және қаржылық жауапкершілік жүктеледі. Бұл жайында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, әкімдіктердің, қоғам белсенділері менполиция қызметтерінің өкілдері мемлекеттік органдар айқындаған санитариялық-карантиндік іс-шараларды сақтау тұрғысынан ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Мониторинг негізінен қоғамдық тамақтану, сауда нысандары, сонымен қатар адамдардың көп шоғырлануымен бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды қамтиды.

1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде 180 998 рейд жүргізілді, 975 124 объект қамтылды. Оның ішінде карантин талаптарын бұзушылық 26 667 (2,7%) нысанда анықталды.

Соның ішінде басым бөлігі ШҚО-да (5 344), Түркістан (4 399), Қарағанды (1 660) облыстарында, Алматы (3 906), Шымкент (2 452), Нұр-Сұлтан (1 580) қалаларында анықталды. Негізгі заңбұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, қонаққа бару кезінде шектеу режимінің сақталмауы, карантин талаптарына жауап бермейтін бұқаралық іс-шаралар өткізу.

4 067 жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша 3 742 ұйғарым берілді, 392 материал сотқа жолданды, 113 нысанның қызметі тоқтатылды. Әкімшілік санкциялар 15 086 нысанға және 9 833 жеке тұлғаға салынды, жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934174-qazaqstandyqtar-karantin-talabyn-saqtamagany-usin-2-mlrd-tenge-aiyppul-tolegen/

pixel