RU

Әйелін 21 жерінен пышақтаған маңғыстаулық азамат жұртты шошытты

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысының тұрғыны сүйіктісін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталды. Ер адам отыз жастағы кездесіп жүрген әйелін 21 жерінен пышақтаған деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, қандықол қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кешкісін екі жастың арасында жанжал туындаған. Кейін ер азамат әйелді пышақтап, құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын және банк картасын ұрлап кетеді.

Осы орайда қылмыскердың жәбірленушінің далада ойнап жүрген баласынан банк картасы мен телефонның пин-кодын сұрап алғаны белгілі болды.

Шоттан 2 миллион мобильді қосымша арқылы 340 мың теңгені өзіне аударып, жұмсап келген.

Әйел адам оқиға орнында қаза тапқан.

"Айыпталушы азамат заңды некеге тұрмай, бірақ бірге тұрып жүрген азаматшаны қасақана өлтіргені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 2 бабы бойынша, яғни 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы және 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза қолданған кезде жеңілдететін мән-жайды ескердік. Ол жәбірленушінің туыстарынан кешірім сұрап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті", - деді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы Иниятулла Досетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934185-aielin-21-zerinen-pysaqtagan-mangystaulyq-azamat-zurtty-sosytty/