Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде “Toyota Camry” жүргізушісі екі әйелді қағып кетті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе қаласында “Toyota Camry” жүргізушісі екі әйелді қағып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты осы жылдың 25 қыркүйегінде болды. “Toyota Camry” көлігінің 31 жастағы жүргізушісі “Қарғалы” тұрғын үй кешені жағында келе жатып, көлік құралының қозғалысы бойынша жол бойымен ілеспе бағытта келе жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші ішімдік ішпеген.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса мұқият болуға, күрделі жол жағдайларында жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық беру керектігін алға тартуда.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болғанын жазған едік. Салдарынан алты адам қайтыс болып, тағы екеуі аруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934198-aqtobede-toyota-camry-zurgizusisi-eki-aieldi-qagyp-ketti/

pixel