Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент өз лебізін Twitter парақшасында білдірді.

"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!",- деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

29 қыркүйекте өтетін жартылай финалда Бразилия мен Аргентина, ал 30 қыркүйекте Қазақстан мен Португалия ойнайды. Финалдық кездесу 3 қазанға белгіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934211-keremet-sensaciya-toqaev-futzaldan-qazaqstan-ulttyq-quramasyn-quttyqtady/

pixel