RU

Коронавирус пневмониясынан бір тәулікте 7 адам қайтыс болды

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 11 адамнан анықталып, 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Аталмыш дерттен 90 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмниясымен ауырғандар саны 75316 адамды құрады. Сондай-ақ, бұл дерттен 4807 адам қайтыс болып, 61 792 адам жазылып шықты.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 880 мыңнан асты. Өткен тәулікте елімізде тағы 1 719 адамнан қауіпті індетті анықталды.

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салыну мүмкін деген ақпарат пайда болды. Әлемдік ғалымдар екпені салып тұрған жағдайда ғана індеттен құтылуға болатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934216-koronavirus-pnevmoniyasynan-bir-taulikte-7-adam-qaitys-boldy/