Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік ұрлаған жігіттің соңынан қуған полицейлер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/astana_sergek

Алматыда көлік ұрлаған ер адамның соңынан қуған полицейлер видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат бес шамасында болған.

"Патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған көлікке назар аударған. Тоқтау туралы талапты жүргізуші елемеген. Полиция қызметкерлері көліктің ізінен түскен. Жүргізуші көлікті басқара алмай, Шығыс айналма жолы бойында жоғары жылдамдықпен өзге көлікті соқты.

Қауіпсіздік жастығына соғылған жүргізуші есінен танып қалды. Ал оның аяғы газды басқан күйі қалды. Полицейлер барлық әдісті пайдаланып, көлік ұрлаған жас жігітті құтқаруға тырысты. Терезені бірден сындырып, оталып тұрған көлікті тоқтату мүмкін болмады", - деді полиция.

Жас жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Бостандық ауданы полция басқармасына жеткізілді.

Қазір Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі ("Автомобильді немесе өзге де көлікті жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934281-almatyda-kolik-urlagan-zigittin-sonynan-qugan-policeiler-videoga-tusip-qaldy/

pixel