Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ департаментінің экс-директоры мен оның орынбасарына үкім шықты

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаржылық мониторинг агенттігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі ресми сайтында жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен ақша қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында 2017-2018 жылдары "ММГ" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Бейсембин және оның орынбасары Дәуленбаева жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Лисовой және Юндтпен жалған шарттар жасағандығы анықталды.

Бұл ретте, акционерлік қоғамның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектісінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және оларды қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмелері тегін ұсынылады.

"Осылайша, АҚ шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. Көрсетілген қызметтер үшін Лисовой мен Юндт әрқайсысы 10 миллион теңгені иеленді", - дейді агенттікте.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық барлау мәліметтері бойынша, шағын бір күндік фирмалардан бөлек қолма-қол ақшаны заңсыз алу схемаларын ірі компаниялар да қолданады.

Айта кету керек, мұндай компаниялардың сомасы 10, тіпті 20 есе жоғары, сәйкесінше мемлекетке айтарлықтай зиян келтіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934288-mangystaumunaigaz-aq-departamentinin-eks-direktory-men-onyn-orynbasaryna-ukim-syqty/

pixel