Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында кредит жөнінде полицияға арызданған азамат өзі тергеуге алынды

Опубликовано:

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға шағым түсірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Абай аудандық полиция басқармасына 43 жастағы ер адам шағым түсірген. Оның айтуынша, алаяқтар жеке мәліметтерін пайдаланып, шағын несие беру ұйымынан 76 мың теңге ақша алды. Ер адам кредит рәсімделген күнді де еске түсірді.

Бір ай бұрын ол танысының туған күніне барған. Дәл сол кезде белгісіз біреу ұялы телефоны арқылы кредит рәсімдеп алған. Ал қарызды төлеу туралы SMS-хабарлама келгеннен кейін ер адам мойнына "заңсыз кредиттің" ілінгенін біліп, полицияға арызданды.

"Біз қылмыстық кодекстің 190 бабы, яғни алаяқтық бойынша іс қозғадық. Бірақ тергеу кезінде ер адамның мас күйінде ол кредитті өзі рәсімдеп алғанын анықтадық. Осыған байланысты қылмыстық істі тоқтатуға шешім қабылданды", – дейді полицейлер.

Алайда полицияға арызданған ер адам жауапкершіліктен босатылған жоқ. Ол Қылмыстық кодекстің 419-бабы (Қылмыс туралы көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша тергеуге алынды.

Айта кетері, осы бапта 200 айлық есептік көрсеткішке (583 400 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934295-qaragandy-oblysynda-kredit-zoninde-policiyaga-aryzdangan-azamat-ozi-tergeuge-alyndy/

pixel