RU

Алматыда жүк көлігі Toyota-мен соқтығысып, бір адам қайтыс болды (фото, видео, 18+)

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Алматының Алатау ауданында түнгі сағат 12-ге таман жол апатынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісінің сөзінше, ол Боралдай зиратына қарай солтүстік бағытта келе жатқан. Ол бұрылысқа жақындаған кезде күтпеген жерден алдынан Toyota Avensis маркалы көлік шыға келген.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Жүк көлігінің жүргізушісі оңға бұрылып үлгермеген, сөйтіп жеңіл көлікке соғылған. Салдарынан екі көліктің де астан-кестені шыққан.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Avensis-тің ішінде жүргізуші ғана болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Полицейлер мен криминалистер жол апатының мән-жайын анықтауда.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Назар аударыңыз! Видеоны кәмелет жасына толмағандарға, аяғы ауыр келіншектерге, жүйкесі жұқа және жүрегі әлсіз адамдарға қарау ұсынылмайды! +18!

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде “Toyota Camry” жүргізушісі екі әйелді қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші ішімдік ішпеген.

Одан бөлек, Жамбыл облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болғанын хабарлаған едік. Салдарынан алты адам қайтыс болып, тағы екеуі аруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934307-almatyda-zuk-koligi-toyota-men-soqtygysyp-bir-adam-qaitys-boldy-foto-video-18/